Перейти к содержимому страницы.

«МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

24.10.2023

Республика күні мерекесіне орай Марғұлан университетінің Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің елім – Қазақстан!» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді филология ғылымдарының кандидаты, профессор Рысқұл Шақаман жүргізді. Іс-шараға белгілі журналист, ақын Өзгеріс Қуанар және «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушы-сарапшысы, тарих ғылымдарының магистрі Айжан Мәкішева қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Е.Бекмаханов атындаңы ғылыми кітапхананың Қызмет көрсету бөлімінің басшысы Гүлнәр Құдайбергенова қонақтар мен студенттерді Республика күнімен құттықтады.

Дөңгелек үстел аясында «Менің елім – Қазақстан!» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. Комиссия қорытындысы бойынша бірінші орынды жаратылыстану жоғары мектебінің «География» білім беру бағдарламасының студенті Ислам Амантаев жеңіп алды.

Екінші орынды гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенті Диас Жанбек еншіледі. Үшінші орын жаратылыстану жоғары мектебі «География» білім беру бағдарламасының студенті Дильназ Тоқбулатоваға бұйырды.

Жастар еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы танымдық викториналық сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысушы жастар Қазақстанның бүгіні мен болашағын қалай елестететіні және жастардың еліміздің өркендеуіне қандай үлес қоса алатыны туралы пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара барысында студенттер туған ел мен жер туралы патриоттық шығармаларды мәнерлеп орындады және жастарға Қазақстан туралы бейнефильм көрсетілді.