Перейти к содержимому страницы.

«МЕН - ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТЫМЫН!» ВИДЕО КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27.10.2023

Тарих апталығы аясында «Тарих» білім беру бағдарламасы Республика күнін мерекелеуге арналған «Мен - Қазақстан азаматымын!» атты бейнероликтер байқауын өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау студенттердің патриоттық тәрбиесін жүзеге асыру, азаматтық сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды тәрбиелеу, туған елінің тарихын зерделеуге деген қызығушылықты ояту мақсатында өткізілді.

Байқауға университеттің жоғары мектептерінің 1 курс студенттері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша ҚТӘ-11 және ШТА-11 топтары бірінші орынға ие болды. Екінші орында IA-12 және FM-11 топтары. Үшінші орынды ИШ-12, МТ-11, ГТ-11 топтары бөлісті.

Білім беру бағдарламасының ұстаздары байқауға қатысқан барлық белсенділерге алғысын білдіреді!