«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН»
19.10.2022
Этнос өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының қорытындысы шықты.
«Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясын өткізу мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру. Акция 2022 жылдың 26 мамырынан бастап, 30 қыркүйекке дейін жүргізілді. Оған ППУ атынан ректордың қабылдау бөлмесінің хатшысы Карбаева Мадина Сәбитовна (ұлты – татар) қатысты. Жетекшісі – әкімшілік департаменті құжат айналымы және бақылау бөлімінің мемлекеттік тіл жөніндегі маманы Асылбеков Ерболат Ғалымжанұлы.
Мадина ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы құрметіне «Анама хат» өлеңін мәнерлеп жатқа оқыды. Әзірленген бейнематериалдар facebook әлеуметтік желісінде #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен жарияланды.
Акция қорытындысы бойынша, Мадина Карбаева мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қосқан үлесі үшін және жетекшісі Ерболат Ғалымжанұлы шәкірт тәрбиелегені үшін алғысхатпен марапатталды.