Перейти к содержимому страницы.

Меморандум жасасты

20.08.2021

Бүгін Павлодар педагогикалық университеті және Павлодар қаласының орта білім беру мектептері арасындағы дебаттық қозғалысты дамыту ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум жасасуға өкілетті түрде «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы КМКҚ басшысы Мухаметжанова Ақмарал Люлятовна, «М. Әлімбаев атындағы орта білім беру мектебінің» КММ басшысы Мұхтар Дастан Бекболатұлы және Павлодар педагогикалық университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорының м.а Ольга Константиновна Андрющенко қатысты. Меморандум Павлодар қаласының 40 мектебі арасында құрылды.

Ольга Андрющенко, ППУ-дың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорының м.а.: 

Биылдан бастап біз пікірсайысшылар мектебін ашпақшымыз. Пікірсайысшылар үшін университет қабырғасында коворкинг орталығын ашу, пікірсайыс ойындары үшін қолайлы алаң құру жоспарда бар. Сонымен қатар, ең бастысы, алдағы республикалық турнир қорытындысы бойынша мектеп оқушылары арасындағы үздік дебатерлер ректор грантына ие болмақ. 

Павлодар педагогикалық университеті бастамасымен құрылып жатқан Меморандум Павлодар облысындағы дебат қозғалысының өркендеуіне жол ашпақ. «Бүгінгі қол қойылып жатқан меморандум аясында біздер қалалық мектеп оқушылары арасында өзін-өзі басқару жүйесін дамытып, одан әрі жетілдіруге атсалысамыз» - дейді Павлодар жастар арасындағы пікірсайыс қозғалысың негізін қалаушы, ППУ түлегі Есенқұл Ақәділ.

debatmemorandum

debatmemorandum3

debatmemorandum4

debatmemorandum5

debatmemorandum7

debatmemorandum8