Перейти к содержимому страницы.

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ТҮСЕ АЛМАҒАН ТАЛАПКЕРЛЕР АПЕЛЛЯЦИЯҒА БЕРЕ АЛМАЙДЫ

11.08.2022

Кеше ғана күндізгі толық оқу нысанына арналған мемлекеттік грант конкурсының қорытындысы жарияланып, грант иегерлерінің аты-жөндері белгілі болды. Осы ретте мемлекеттік грантқа іліне алмаған талапкерлер тарапынан әртүрлі сұрақ туындап жатқаны анық. Бірақ, грантқа түсе алмаған талапкерлер үшін апелляция қарастырылмаған. Дегенмен, шағымдарыңыз бен сұрақтарыңызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне жазуларыңызға болады. Жақында министрліктің жанынан сіздердің сұрақтарыңызға жауап беретін арнайы колл-орталық құрылатын болады. Байланыс нөмірлерін қосымша жариялаймыз. Сонымен қатар, Павлодар педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясына да хабарласып, мәселенің мән жайын білуге болады. Қабылдау комиссиясының телефоны: 8718-2-55-55-05