МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ
22.09.2025
2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап Қосымша білім беру институты «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы (көлемі – 36 сағат) басталды.
Сабақты курстың авторы, мемлекеттік тіл жөніндегі маман, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 12.06.2024 ж. № 291 бұйрығымен құрылған Салалық кеңестің мүшесі Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков жүргізеді.
Курстың бағдарламасы (72/36 сағат) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен келісілген және тыңдаушылардың барлық санатына арналған.
