МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ІС ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗІ
20.03.2026
16-20 наурыз аралығында Марғұлан университетінің Құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығының базасында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы өткізілді.
Курс офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталмыш курсқа Павлодар, Екібастұз қалалары мен Успен ауданынан тыңдаушылар қатысты.
Курс барысында қатысушылар қазақ тілін үйренуге арналған платформалармен жұмыс істеуді үйреніп, мемлекеттік тілде ресми құжаттарды сауатты рәсімдеу, іскерлік хат алмасу мәдениеті, құжат айналымының негізгі талаптары мен іс жүргізу стандарттары бойынша білімін жетілдірді. Оқу тәжірибелік тапсырмалармен ұштасып, қатысушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Курстың авторы: Басқарма аппараты кеңсесінің мемлекеттік тіл жөніндегі маманы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 12.06.2024 ж. № 291 бұйрығымен құрылған Салалық кеңестің төрағасы Е.Ғ.Асылбеков.

