МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАЛАЙ ОРНАЛАСУҒА БОЛАДЫ?
26.09.2023
Марғұлан университетінде студенттер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдерімен кездесті.
Басқарма басшысы Гауһар Арынғазина, ЖОО түлектерін таланттар пулына іріктеу барысы, оның мақсаты белсенді және дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту туралы айтты. Гауһар Жасқайратқызы университет түлектерінің мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, мансаптық келешегі және т.б. қатысты барлық талаптарға кеңінен тоқталды.
Кездесу соңында Гауһар Арынғазина студенттер мен оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге ниетті кез келген студент толық ақпаратты университеттің мансап орталығынан ала алатынын ескертеміз.