Перейти к содержимому страницы.

"МЕКТЕП-ЖОО" ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУДАМЫЗ!

15.02.2022

Павлодар педагогикалық университетінің ұстаздары облыс орталығында орналасқан Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында болды. Кездесудің негізгі мақсаты – «Мектеп-Университет» ынтымақтастығын нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, оқытудың жаңа әдістерін енгізу, мектептің педагогикалық тәжірибесін ЖОО-ның оқыту тәжірибесіне пайдалану мәселелерін талқылау.

Лицей-интернатының мұғалімдері университет ғалымдарымен тығыз байланыста математика, физика және информатика салаларында STEM білім беру бойынша бірлесіп жұмыс істейді. Айта кету керек, мұнда жұмыс істейтін тәрбиешілер мен ұстаздардың басым бөлігі Павлодар педагогикалық университетінің түлектері.

Бүгінгі таңда Павлодар «Білім-инновация» лицей-интернаты Павлодар-Ертіс өңіріндегі жетекші орта білім беру мекемелерінің бірі болып табылады. Лицей оқушылары жыл сайын түрлі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. 2021 жылы лицей түлегі ҰБТ-да 140 балл жинаған Қазақстандағы жалғыз оқушы болды.

Кездесу барысында мекеме басшысы Рахым Үркімбаевпен және педагогикалық ұжыммен бірлесе отырып, мектеп оқушыларымен жұмыстың инновациялық түрлері, педагогикалық тәжірибе барысында мектеп мұғалімдерінің ЖОО студенттерімен бірлескен іс-әрекетін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Еске салайық, университет пен Павлодар облысының білім басқармасы арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында өткен жылы 13 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп базасында тірек мектептер ашылған болатын. Мұнда бірлескен қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, оқу-әдістемелік құралдар шығарылады. Университет ғалымдары мектеп оқушыларының ғылыми жобаларын басқарады, оларды пәндік олимпиадаларға дайындайды.

Сапар барысында магистранттармен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Проректорлар Б.С. Есенгелдин мен О.К. Андрющенко студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі білім гранттары мен шетелде тағылымдамадан өтуге қатысты болды.