Перейти к содержимому страницы.

МЕКТЕП ПЕН УНИВЕРСИТЕТ АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР

19.03.2025

2025 жылғы наурыздың 4-нде ММ «А. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында» 9-11 сынып оқушыларымен ғылыми-практикалық байланыс орнату үшін зерттеу жобасын жүргізу туралы кездесу өтті. 

Аталған іс-шараның жұмысына Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» БББ филология ғылымдарының кантидаты, профессоры Мергүл Сабитовна Кулахметова және PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Айгүл Болатқызы Ахметова шақырылды.

Кездесу барысында оқушыларға мектеп пен университет арасында тығыз байланысын орнату үшін ғылыми-практикалық зерттеу жобасын жүргізу туралы өзекті мәселелер талқыланып білім саласындағы ұсыныстар берілді. Нәтижесінде осындай мектеп пен университет ғылыми қарым-қатынастар кездесулер зерттеу саласын одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Кездесу аяғында Мергүл Сабитовна мен Айгүл Болатқызы жас зерттеушілерге сәттілік пен табыстар тіледі.