МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН «ЕРІКТІЛЕР КІМ?» ТРЕНИНГІ
06.12.2023
Марғұлан Университетінің «Лотос» ұйымының еріктілері Павлодар қаласындағы Малайсары батыр атындағы орта мектепте тренинг өткізді. «Еріктілік – бірлік» тақырыбындағы тренингке 7-11 сыныптардан 30-дан астам оқушы қатысты.
Тренингтің мақсаты – мектеп жағдайында волонтерлік қызметті дамытуға ықпал ету, оқушыларды волонтерлік қызметтің бағыттарымен таныстыру, олардың азаматтық белсенділігін дамыту.
Тренинг барысында Қаракөз Әлім мектеп оқушылары арасында «Еріктілер деген кім?» тақырыбында сауалнама-ойын, ал Бақтияр Алуа «Еріктілікке қадам» ойынын өткізді. Ұйымдастырушылар мектеп оқушыларын 5 топқа бөлді. Әр команда қызықты тренинг тапсырмаларына шығармашылықпен келді.
«Лотос» ұйымының төрайымы, педагогика жоғары мектебінің 2 курс студенті Қаракөз Әлімнің айтуынша, бұл тренингтің арқасында балалар волонтерлік қызмет туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, волонтерлер қуана жауап берді.
Тренинг соңында балалар волонтерлік қызмет өте қызықты және мүлде қиын емес деген қорытындыға келді. Ол үшін үлкенді сыйлап, кішілерге үлгі болып, қоршаған ортаның сұлулығын қорғау керек. Көптеген оқушылар бұл игі іспен айналысуға ниет білдірді.
«Біз балаларды игі істерге ынталандырып, шабыттандырғанымызға қуаныштымыз. Кез келген адам волонтер бола алады. Ол үшін үлкен жүрекпен игі істерге асығу, жақсылық жасауға асығу керек», – дейді Қаракөз Әлім.