Перейти к содержимому страницы.

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АРХЕОЛОГИЯ

09.04.2025

Павлодар қаласының №11 ЖОББМ оқушыларымен кездесу
Марғұлан университетінің Археологиялық зерттеулер институтының Эксперименттік археология зертханасының меңгерушісі Тушева Е.К. Павлодар қаласының №11 жалпы орта білім беру мектебінің 5-7 сынып оқушыларына ашық дәріс өткізді. Кездесу 2025 жылдың 8 сәуірінде мектептегі Ғылым апталығы аясында өтті және Е.Бекмахановтың 110 жылдығына арналды.
Іс-шара барысында Тушева Е.К. мектеп оқушыларына археология ғылымының не екенін, далалық және зертханалық зерттеулер қалай жүргізілетінін айтып, қазақстандық археология ғылымының соңғы жаңалықтары мен жетістіктерімен бөлісті.
Мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Көптеген оқушылар археологиялық экспедицияға қатысуға, сондай-ақ тарих және археология саласындағы мектептік ғылыми жобаларды жазуға үлкен ниет білдірді. Осындай кездесулерді ұйымдастыру өскелең ұрпақтың тарихқа деген құрметі мен ғылыми қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.