Перейти к содержимому страницы.

"МӘШҺҮРДІҢ МҰРАЛАРЫ" АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

17.05.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қабырғасында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 165 жылдығына орай "Мәшһүрдің мұралары" атты дөңгелек үстел өтті. Келелі кеңеске студенттермен қатар өңірімізге белгілі Мәшһүртанушы, "Мәшһүрдің монографиясы" кітабының авторы Айтмұхамбет Тұрышев, ҚР Журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, белгілі журналист Болат Аманбаев және ф.к.д Бекен Сағындықұлы қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты — Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларын насихаттау, жастар санасына сіңіру.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған Айтмұхамбет Қасымбайұлы тақырып аясында ой толғады.

- Мәшһүр мұралары өлмейді. Ол ұлтпен бірге жасайды. Тіпті, атақты ғұлама дінтанушыны толық тану мүмкін емес. Қаншама ашылмаған сыры, қамтылмаған жыры жатыр. Жастар осыны білуі керек, һәм сезінуі керек,-дейді спикер.
Мәшһүрдің мұралары — бүткіз адамзатқа азық. Дінді насихаттап, қос дүние толғамдары туралы туындылары көпті көңілінен орын алған. Бұдан бөлек, мақал-мәтелдері, шешендік сөздерінің өзі бір төбе. Осы бағыттар аясында Болат Аманбаев журналисттік тұрғыдағы ой-пікірін білдірді.

Жиын соңында кездесуге келгендер студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.