ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА КӨКТЕМГІ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛІЕУ ӨТУДЕ!
10.03.2022
ҰБТ-ны ұйымдастыру жөніндегі облыстық мемлекеттік комиссияның Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Ж.О. Жилбаевтың төрағалығымен 616 ҰБТӨП-де жұмыс жүргізілуде.
5 адамнан тұратын комиссия мүшелері тестілеуге кірісу кезінде, сондай-ақ тестілеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етіп жатыр.
Тестілеу кезінде медицина қызметкерлері мен психологтардың жұмысы жолға қойылған.
Облыстық мемлекеттік комиссияның құрамына облыстық мәслихат депутаты С.Т.Жартыбаев, құқық қорғау органдарының өкілдері кірді.
Естеріңізге сала кетейік, тіркелу кезінде тестілеушілер ҰБТ өтетін күні, уақыты мен орнын өздері таңдайды. Көктемгі ҰБТ 2022 жылдың 31 наурызына дейін өтеді.
Комиссия өтініш берушілер тарапынан заңбұзушылықтар жоқтың қасы екенін айтады.