Марғұлан университетінің білім беру бағдарламалары ARQA тәуелсіз агенттігінің аккредиттеуінен өтті
07.06.2024
2024 жылдың 25-27 сәуірінде ARQA тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің сарапшылар тобы 32 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу аясында университетке келді. Атап айтқанды, 6B01560 География, 6В01561 География – тарих, 6B01610 Тарих, 6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6B01511 Математика – Физика, 6B01430 Музыкалық білім, 6B01110 Педагогика және психология, 6B01720 Орыс тілі мен әдебиеті, 6B01521 Физика – Информатика, 6B01420 Дене шынықтыру және спорт, 6B01541 Химия-Биология, 6B01811 Әлеуметтік педагогика және білім берудегі педагогикалық қолдау, 7M01551 Биология, 7M01731 Шет тілдері: екі шет тілі, 7M01531 Информатика, 7M01611 Тарих, 7M01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, 7M01511 Математика, 7M01421 Музыкалық білім, 7M01211 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы, 7M01311 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 7M01721 Орыс тілі мен әдебиеті, 7M01112 Педагогика және психология, 7M01521 Физика, 7M01411 Дене шынықтыру және спорт, 7M01541 Химия, 8D01550 Биология, 8D01610 Тарих, 8D01710 Қазақ тілі мен әдебиеті, 8D01110 Педагогика және психология, 8D01720 Орыс тілі мен әдебиеті, 8D01540 Химия.
Аккредиттеу кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 2024 жылғы 7 маусымда өткен ARQA білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ 32 білім беру бағдарламасын 5 жыл мерзімге толық халықаралық аккредиттеу туралы шешім қабылдады.
Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері бірауыздан ЖОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары құзыретті және кәсіби педагогтарды сапалы даярлауды жүзеге асырады деген пікір білдірді.
Осы ретте Университет ұжымын және білім алушыларын халықаралық аккредиттеуден табысты өтуімен және Қазақстан Республикасында педагог кадрларды даярлау бойынша жетекші университет мәртебесін растауымен құттықтаймыз!