Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТТІҢ ГИМНАСТАРЫ ТАҒЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

31.03.2023

Алматы қаласында жастар арасында батут гимнастикасынан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Байқауға еліміздің тоғыз облысынан 17-21 жас аралығындағы 160 қатысушы қатысты.

Өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС-12 тобының студенті Виктория Бутолина жарыстың абсолютті чемпионы атанды! Ол жеке біріншілікте де, командалық жарыста да бірінші орынды жеңіп алды. Синхронды баттутта секіруден ДШжС-32 тобының студенті Алина Сарсембаева жарыс чемпионы атанды. Жекелей батутта секіруде Алина - қола жүлдеге ие болды.

Спортшыларды дайындаған жаттықтырушы Евгений Бронскийдің айтуынша, қатысушылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды. «Бұл жарыс өте қиын болды, бірақ біздің қыздар өз шеберлігін, табандылығын көрсетіп, жеңіс тұғырына қайта көтерілді», - дейді Евгений Васильевич. Жаттықтырушы бұл биылғы бірінші жарыс екенін атап өтті. Тура үш аптадан кейін Алматыда батут гимнастикасынан Қазақстан спартакиадасы басталады.

Еске салайық, Виктория Бутолина өткен жылдың желтоқсан айында Болгарияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Енді ол өз бағдарламаларын күрделендірді. Спартакидадан кейін Виктория ересек спортшылар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.