Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ЕСІРТКІСАЛУ ЖӘНЕ ДРОППЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАРМЕННЕ БОЛАТЫНЫН КӨРСЕТТІ

29.01.2026

Марғұлан университетінің студенттері жеңіл әрі заңсыз табыс табу әрекеттері немен аяқталатынын өз көздерімен көрді — олар Павлодар облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №63 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында (СИЗО) болды.

Экскурсия университеттің Антикоррупциялық комплаенс қызметі тарапынан Павлодар облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қолдауымен, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. 

Мекеме қызметкерлерінің бақылауымен студенттер тергеудегі адамдарды ұстау жағдайларын көріп, ішкі тәртіп ережелерімен танысты, сондай-ақ СИЗО қызметінің қалай ұйымдастырылғанын білді. Құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік пен олардың нақты салдарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, СИЗО қабырғасында дропперлік пен есірткі заттарын жасырын орналастырғаны үшін сотталғандармен студенттердің бейресми кездесуі өтті. Олар бір ғана шешімнің өздерін темір тордың ар жағына қалай алып келгенін еш жасырмай айтып берді. Сотталғандар жастарды жылдам ақшаға қызықпауға, Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға және өз болашағы мен жақындарының тағдыры туралы ойлануға шақырды. Кездесуден кейін студенттер сотталғандарға сұрақтар қойып, ашық әрі тура жауаптар алды.

Сапар барысында білім алушылар тергеу жүргізілетін және уақытша ұстау камераларын, жатын орындарды, асхананы және мекеменің басқа да нысандарын аралап, изолятордың күнделікті өмірін ішінен көрді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған.