Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ "ШАБЫТ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУДА

27.10.2023

Марғұлан университеті "Көркем еңбек, графика және жобалау», «Музыкалық» білім беру бағдарламасының студенттері XXVI халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар байқауына қатысып жатыр.
Біздің студенттер аталған ауқымды өнер додасында киім дизайны, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер номинациялары бойынша өз өнерлерін паш етті. Байқау Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтіп жатыр.
-Бірінші турда студенттер өздерінің қолдан жасаған өнер туындыларын жіберді. Осы кезеңнен өткен студенттер сол жерде берілген тапсырмаларын орындады. Суретшілер сурет салды, қолөнер шеберлері композицияларын орындады, - дейді "Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының оқытушысы Индира Ғадылбекқызы.
Сонымен қатар студенттер белгілі суретші Әсел Сабыржанқызының жеке көрмесін тамашалады. Байқаудың ашылу салтанатында сол университеттің үрмелі аспаптар оркестірінің өнерін тамашалады.
Студенттердің жеңіс тұғырынан көрінуіне тілекстестік білдіреміз.