Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ "ХАЛЫҚ РАДИОСЫНДА" ҚОНАҚТА

07.12.2023

«Халық радиосында» Әсемүл Аманжолованың «Таланты пен туынды» бағдарламасына МарғұланУниверситеті «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының студенттері Любовь Гора, Тұртұлова Әсел және Ковтуновская Марина қатысты.
 
Қыздар өздерімен бірге ұлттық әшекей бұйымдарын, бас киімдерді, ойыншықтарды, өз қолдарымен салған суреттерін ала келіп, шығармашылықтары туралы әңгімеледі.
 
Любовь, Әсел және Марина көрмелердегі түрлі шығармашылық байқаулардағы үздік жұмыстары үшін көптеген дипломдармен марапатталған. Білім беру бағдарламасының оқытушыларымен бірге олар университеттік стартаптарға қатысады. Шебер студенттер кәдесыйлар және бірегей картиналар жасайды.