МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
02.10.2023
Қытай халық республикасының Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия ойындарында павлодарлық бір спортшы жүлдегер атанды. Ол Марғұлан Университеті өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Виктория Бутолина. Жерлесіміз батут гимнастикасынан финалдық жарыста өнер көрсетіп, қола жүлдесін иеленді.
Викторияны жоғары санатты жаттықтырушы, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Сергеевна Свиридова жаттықтырады.
Айта кетейік, 19 жастағы Виктория жарысқа қатысушылардың ішіндегі ең жасы болды. Оның қарсыласы болған Қытай гимнастшыларының ең жасы - 25-те болса, жапондық спортшылардың ең кішісі 28-де.
Виктория 6 жасынан бастап батут гимнастикасымен айналысады. Халықаралық спорт шебері. Өткен жылы Болгарияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.
Виктория Португалия, Италия, Нидерланды және т.б. елдерде өткен халықаралық турнирлерде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, ол батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы.
Виктория мен оның жаттықтырушысы Екатерина Свиридованы байрақты бәсекеде қола мадель иегері атануымен құттықтаймыз және оларға әлемдік спорт аренасында алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз!