Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІ ӨҢІРДЕГІ ҮЛГІЛІ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРІ ДЕП ТАНЫЛДЫ

14.09.2026

Марғұлан университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің алғыс хатымен марапатталып, өңірдегі үлгілі комплаенс-қызметтердің бірі ретінде танылды.

Бұл марапат – университетте академиялық адалдықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және ішкі үдерістердің ашықтығын қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін мойындаудың көрінісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі – ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған жол бермеудің тиімді құралдарының бірі. Сонымен қатар оны енгізу ұзақ мерзімді, жүйелі және кешенді жұмысты талап ететін маңызды жоба болып табылады.

Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс стратегиясының негізінде қызметтің тәуелсіздігі, кері байланыстың сенімді арналарының жұмыс істеуі, кез келген сигналға жедел әрекет ету және заң бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қатаң сақтау секілді басты ұстанымдар жатыр.

Алдағы уақытта комплаенс-қызметтің жұмысы құқықтық мәдениет пен корпоративтік әдепті нығайтуға бағытталып, одан әрі жалғасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық стандарттарын енгізу университеттегі ішкі үдерістердің барынша сенімді әрі ашық болуына ықпал етеді.

Еске саламыз, комплаенс-қызметтің 87713566677 нөмірі бойынша жедел желісі жұмыс істейді. WhatsApp қосымшасы арқылы университет қызметкерлері, студенттер және кез келген басқа тұлғалар сыбайлас жемқорлық белгілері, мүдделер қақтығысы немесе Корпоративтік әдеп кодексі нормаларының бұзылуы туралы өздеріне белгілі болған фактілерді хабарлай алады.

Өтініштерді өзіңізге ыңғайлы тәсілмен, соның ішінде құпиялылықты немесе анонимділікті сақтай отырып жолдауға болады.