Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУ КУРСЫНАН ӨТТІ

28.01.2024

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қызметкерлері Англияның әлемге әйгілі Кембридж университетінің Homerton college-де оқу курсынан өтті. Атап айтқанда Қосымша білім беру институтының директоры Роза Жаева және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Б.Д.Нығметова жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын (PGCE) әзірлеу бойынша тағылымдамадан өтті. Әлемдік университеттің тәжірибесін үйрену мүмкіндігі Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығымен ынтымақтастық аясында орын алды.
Курс аясында Кембридж университетінің білім беру факультетінің профессоры Элейн Уилсон білім берудің халықаралық үлгілерін, мұғалімдерді қайта даярлау бағдарламалары мен оқыту бағдарламаларын әзірлеудің тиімді әдістерімен таныстырды.
PGCE сертификаттары бар Кембридж университетінің кәсіби оқытушылары Чарли Петтит пен Джо Хейвуд, сондай-ақ Джек Хант мектебінің директоры Мартин Барвис келесі мәселелерге назар аударды:
Басқа салада жоғары білімі бар адамдарды педагогикалық қайта даярлауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады? Дуальды оқытудың форматы қандай болуы керек? Мектептердегі тәлімгерлердің жұмысын қалай үйлестіруге болады? Педагогтардың біліктілігін арттыруда университеттің рөлі қандай? Мектеп және университет мұғалімдері арасындағы табысты серіктестікті қалай қалыптастыруға болады?
Оқу нәтижесінде Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының бірлескен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірленді.