Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ 500 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

11.06.2026

Марғұлан университетінің «Ғибрат» студенттік театрының жетекшісі Арайлым Сүндет «Ортақ қадам» жобасымен «Ерке Ертістің жағасында…» шағын гранттар байқауында жеңімпаз атанып, 500 000 теңге көлемінде грантқа ие болды.

Аталған байқауды Павлодар қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен Жастар бастамаларын дамыту орталығы жастардың әлеуметтік бастамаларын қолдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық келісімді нығайту және өңірлік мәдениетті дамыту мақсатында ұйымдастырды.

«Ортақ қадам» жобасы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, әлеуметтік белсенділігін арттыруға және қоғамдағы маңызды құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, жобаның сәтті жүзеге асуына тілектеспіз!