Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ СПОРТТА БАҚ СЫНАЙДЫ

18.01.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, салауатты өмір салтын да кеңінен насихаттап келеді. Қара шаңырақ ұстаздары спорттан да алыс емес. Бүгін университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы арасында «Сергектік және денсаулық» атты спартакиада басталды.

Спорттық шараның ашылуына Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа оқу орнының барлық жоғары мектептері мен құрылымдық бөлімшелерінен жеке-жеке командалар құрылды. Олар тоғыз құмалақ, шахмат, стол теннисі, баскетбол, волейбол, суда жүзу спорт түрлерінен сынға түсіп, мықтыларды анықтайтын болады.

Ойыншылар да әр сайысқа тас-түйін дайын екендіктерін айтады. Спорт залға күнде барып, спортпен шұғылданып жүрмесек те, қарсыластың осал тұсын тауып, қапы қалдыруға тырысамыз дейді ұстаздар.

- Біз спорттың барлық түрінен бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысамыз. Бірақ, алдын ала дайындық жүргізбегендіктен қорқыныш та бар. Мен шахмат, волейбол, баскетбол, стол теннисі спорттарын жақсы көремін. Барша командаластарыма және қарсыластарыма сәттілік тілеймін, - дейді жаратылыстану жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Дария Әбікенова.

Ендеше, барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!