Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

17.04.2023

Margulan university «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының оқытушылары ҚР Оқу-ағарту министірлігі жанындағы «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» мекемесі ұйымдастырған педагогтардың біліктілігін арттыру және қосымша білім беру курстарына оқытушы ретінде қатысты. «Сәндік-қолданбалы өнерде дәстүрлі және инновациялық технологияларды қолдану» бағытында өткен курс екі апта бойы онлайн режимінде өтті.

 «Сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру арқылы оқушыларда қолдың икемділігін (soft skills) дамыту» және «Сәндік қолданбалы өнер сабағында оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту» тақырыптары бойынша сабақтарды п.ғ.к. Фарида Құрабаева және сарапшы оқытушы Айман Жұматаева өткізді.

Сарапшы мұғалім Индира Даулетова «Заманауи киім дизайнындегі ұлттық киім. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жобалау және дайындау технологиясының жаңа мүмкіндіктері» және «Сәндік үш өлшемді зергерлік бұйымдар мен костюм элементтерін өндіру» тақырыптарында дәріс оқыды.

Курс тыңдаушылары Павлодар педагогикалық университеті оқытушыларының жоғары кәсібилігін атап өтті.