МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ КОРЕЯҒА БАРДЫ
11.10.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары Оңтүстік Кореяға барды. Сапардың мақсаты -«Комплаенс-менеджментті пайдалана отырып, мектеп жағдайында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» жобасы аясында ынтымақтастықты нығайту.
Жаратылыстану жоғары мектебінің доценті, PhD докторы Дария Әбікенова және Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры, п.ғ.к. Алмагүл Асайынов сынды ғалымдар Bucheon University (г.Bucheon) және Namseoul University (г.Incheon) болды.
Сапар нәтижесінде білім берудегі киберқауіпсіздік - комплаенс-менеджмент саласында бірлескен зерттеулер туралы келісімге қол жеткізді.
Кореялық әріптестер студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына, профессорлар мен докторанттарға тағылымдамадан өтуге, қос дипломдық білім беру бағдарламаларын және нақты бағыттар бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Сапар барысында бірқатар ресми кездесу ұйымдастырылып, ЖОО-на экскурсиялар жасалды.
Әріптестер IT бөлімдерінің қызметімен танысып, университеттің ақпараттық қауіпсіздігіне зерттеу жүргізді.
Осы жылдың қараша айында біздің университет пен Оңтүстік Корея университеттері қызметкерлерінің кезекті кездесуі болады деп жоспарланды.