Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ CПОРТШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

30.05.2023

Ақтау қаласында жоғары оқу орын студенттерінің ХІІ жазғы универсиада ойындары басталды. Мақсаты - жастар мен жасөспірімдерді спортқа ыңталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту. Студенттер арасындағы үлкен додаға еліміздің 50-ден астам ЖОО-нан 3 мыңға жуық студент қатысады. Жазғы универсиада ойындары бір айға дейін жалғасады.

Ал Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қазақ күресі, еркін күрес, бокс, теннис, волейбол, тоғызқұмалақ спорттары бойынша бақ сынайды. Спорт клубының төрағасы Рифхат Авазбакиевтің айтуынша, теннисшілер жарысқа қатысып, жақсы нәтижемен келе жатыр. Басқа спортшылар жақын уақытта жолға шығуға дайындалуда.

- Ақтауда өтетін студенттер универсиадасына қазақ күресі бойынша алты студент баратын болды. Қазіргі таңда күн сайын жаттығу жасап, дайындалып жатырмыз. Жақсы нәтижемен ораламыз деген ойдамын. Біздің студенттер 48, 52,56, 60,65, 70 салмақ дәрежелері бойынша белдеседі, - дейді қазақ күресі бойынша қыздар құрамасының мүшесі Әсем Көпбаева.