Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ EASY CONSULTING COMPANY TURKEY GRANT.KZ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

08.06.2026

Іссапар аясында делегация университеттің инфрақұрылымымен танысып, оқу корпустары мен студенттік кампустарын аралады. Сонымен қатар білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды.

Халықаралық серіктестер Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік талапкерлерді тарту бағытында жұмыс жүргізеді. Олардың айтуынша, соңғы жылдары Түркия мен Әзербайжан жастары арасында Қазақстанда жоғары білім алуға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді.

Кездесу барысында тараптар жоғары білімді интернационалдандыру мәселелерін талқылап, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды. Нәтижесінде Марғұлан университетіне шетелдік студенттерді тарту бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.