Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ИНКЛЮЗИВТІ КОММУНИКАЦИЯҒА ОҚЫТТЫ

16.02.2026

2026 жылғы 9-13 ақпан аралығында Марғұлан университетінің Құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығы Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлері үшін «Инклюзивті коммуникация және ымдау тілінің негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курс полиция қызметкерлерінің есту қабілеті төмен азаматтармен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және ымдау тілінің негізгі элементтерін меңгеруге бағытталды. Оқыту ІІМ оқу орталығында ұйымдастырылып, сабақтар нақты кәсіби міндеттермен тығыз байланыста өтті.

Курс тәжірибелі педагог-дефектолог, ымдау тілінің аудармашысы Наталья Сабадашева жүргізді.

Бағдарламаға Астана, Алматы, Костанай, Семей, Петропавл қалалары мен Жамбыл және Павлодар облыстарынан келген курсанттар мен офицерлер қатысты. Курс құқық қорғау органдары қызметкерлерінің инклюзивті дағдыларын жетілдіруге және азаматтармен тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік берді.