Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ NAURYZIADA-2026 БАСТАЛДЫ

18.03.2026

Бүгін «Digital Nauryz» мерекесі аясында Марғұлан университетінде дәстүрлі студенттік спартакиада NAURYZIADA-2026 басталды. Жарыс жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін біріктіріп, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және арқан тарту ұлттық спорт түрлерінде мықтыларды анықтайды.

Биыл жарысқа қатысқан командалардың қатарында Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразиялық университет, М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж, Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж, Павлодар машина жасау колледжі, Арнайы мектеп-интернат — Олимпиадалық резерв колледжі, ИнЕУ колледжі, Жаяу Муса атындағы көпсалалы колледж (Ақсұ қаласы) бар.

Университет проректоры Серік Ільясов студенттерге сәттілік тілеп, ұлттық ойындардың мәдени мұра екенін атап, олар жастардың командалық рухын, мінез-құлықты және спорттық таланттарын дамытатынын айтты.

Академияның MUZA шығармашылық топтары өнер көрсетіп, қатысушыларға қуат беріп, керемет эмоциялар сыйлады. Жарыстың ресми регламенті таныстырылып, қатысушылар әділ бәсеке мен жарқын жеңістерге шақырылды.

NAURYZIADA-2026 — ұлттық дәстүр мен спортты бір аренада біріктіретін жарқын бастама.