Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНЕ ГОНКОНГ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ

09.02.2024

2024 жылдың 11-17 қаңтар аралығында университет оқытушылары А.К.Киреева, Г.Б.Жакибаева және Ж.Т.Кенжебаевалар “How to be a better teacher?” “How to be a better researcher?” семинарына қатысты. Бұл семинар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында өтті.

 Семинар спикері ретінде Гонконг білім университетінің ғалымдары қатысты. Олар профессорлар Lo Sing Kai және John Trent, доктор Lee Ju Seong, Sun Daner.

 Макао ғылыми технологиялар университетінің профессоры Lawrence Lam, Техас профессоры (Texas A&M University Texarkana) Chen Shihui, Окланд университетінің докторы Wang Danping (Жаңа Зеландия). Тәжірибелі профессорлар оқытуға инновациялық технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті, білім беруде жасанды интеллектті қолдану туралы айтып, аспаптық жазу дағдыларын көрсетті.

 

Осы семинар аясында Әлкей Марғұлан атындағы ППУ проректоры Б.С.Есенгелдин, Ш.Уалиханов атындағы ҚМУ проректоры Н.А.Медетов, ОҚМПУ ректоры Г.Д. Сүгібаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ректоры Б.С.Каримова, проректоры Д.М.Абдрашева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры А.А.Құдышева болашақ консорциум аясында аймақтық педагогикалық университеттердің ынтымақтастығын жалғастыру ұсынысын білдірді.

7 ақпанда біздің университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін онлайн және офлайн форматында семинар өтті, онда баяндамашылар жүйелі шолу, статистикалық әдістер және ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті академиялық жазу дағдылары туралы ақпаратпен бөлісті. Оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер де көрсетіліп, сынақтан өтті. Семинарға барлық жоғары оқу орындарынан 30-дан астам оқытушы қатысты.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады және келесі семинар Қазақстанның солтүстігінде өткізу жоспарлануда.