МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
12.04.2024
Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым онкүндігінің ашылуы болды. Шараға университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Бауыржан Есенгелдин қатысып, ұжымды бүгінгі Ғылым күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде университет ғалымдары жүргізген іргелі және қолданбалы зерттеулерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы жүргізіп жатқан саясатына тоқталды.
Осы күні Марғұлан университетінің Ғылми-техникалық кеңесі алдында студенттер мен қызметкерлер әртүрлі бағыттағы стартап жобаларын таныстырды. Конкурсқа оқытушылар, магистранттар, докторанттар және студенттерді қамтыған 21 автор өтінім берір, өздері әзірлеген ғылыми жұмыстарын қорғады. Ең үздік стартап жобаларға 2 млн. теңгеге дейін қаражат бөлінетін болады.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің негізгі міндеттерінің бірі - студенттердің ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларын жүзеге асыру, ғылыми-техникалық және инновациялық стратегиясын дамыту болып табылады.
Ғылым айлығы аясында Әлкей Марғұлан атындағы ППУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми жобалар көрмесі, студенттік суреттер галереясы, сонымен қатар ғалымдардың ғылыми жетістіктерінің кітап көрмесі ұйымдастырылды.
12 сәуір мен 10 мамыр аралығындағы бір ай ішінде 35 түрлі іс-шара өтеді деп жоспарланған;
- 2 халықаралық конференция; «Жаңа қоғамдағы жастар әлеуеті: білім және ғылым сапасы» атты XIX халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы және «Ғұламалар Қаныш Сәтбаев пен Әлкей Марғұлан» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
- «Білімалушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары» республикалық байқауы.
- 2 университетішілік конкурс, стартап жобалар сайысы және ғылыми жобалар байқауы, сонымен қатар профессорлардың әртүрлі ашық дәрістері, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтеді.