МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
28.03.2025
Бүгін Марғұлан университетінде дәстүрлі Ашық есік күні өтті. Оған 500-ден астам болашақ абитуриенттер қатысты. Бұл шара мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне университетпен танысу және оның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алу үшін тамаша мүмкіндік болды.
Ашық есік күніне арналған жәрмеңке аясында университеттің жоғары мектептері ақпараттық сессиялар, презентациялар, экскурсиялар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Декандар мен оқытушылар қонақтарға оқу бағдарламалары, оқу процесі және студенттік өмірді ұйымдастыру туралы толық ақпарат беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, университеттің студенттік жастар ұйымдары мен шығармашылық ұжымдары өз жетістіктерін көрсетті. Жастар студенттік өмірдің көп қырлылығын айтып, университеттің тек оқу емес, сонымен қатар жастарға шығармашылық, академиялық және ғылыми таланттарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бүгін университетке №41 орта мектептің 4 «В» сынып оқушылары келді. Академиялық мәселелер бойынша проректор Ольга Андрющенко ең жас қонақтарды қарсы алып, оларға оқуында табыс тіледі және естелік сыйлықтар табыс етті. Университеттің студенттері мен оқытушылары балаларға қызықты эксперименттер, ғылыми тәжірибелер көрсетті, сондай-ақ Табиғат музейі мен университеттің шығармашылық шеберханаларына экскурсия өткізді.