МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ
24.04.2023
2023 жылдың 24 сәуірі күні Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде институционалды аккредиттеу жұмысы басталды. Атап айтқанда білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жүргізуде.
Комиссия төрағасы ретінде техника ғылымдарының докторы, Ижевск (Ресей) мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясының ректоры, IAAR I санаттағы сарапшысы Брацихин Андрей Александрович, э.ғ.к., Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптамалық комиссияларын қалыптастыру жөніндегі жобаның жетекшісі Назырова Гульфия Ривкатқызы, PhD докторы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры Алдунгарова Әлия Қайратқызы және басқа да мамандар келді.
Институционалды аккредиттеу – әрбір жоғары оқу орын үшін ең маңызды шаралардың бірі. Себебі, бұл университетке бітіруші түлектер үшін өзіндік үлгідегі диплом беру құқығын сақтап қалатын жүйе.
Аккредидеттеудің бірінші күнінде комиссия өкілдері университет ректорымен, басқарма мүшелерімен, декандар және бөлім басшыларымен, профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен сұхбаттасу жүргізді. Сонымен қатар, университетке экскурсия жүргізіп, материалдық-техникалық базасымен танысу жоспарланған.