Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

26.01.2026

2026 жылғы 26 қаңтарда Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор лауазымына тағайындалған Айгүл Баймұрзақызы Жұмабекованы ресми түрде таныстыру рәсімі өтті.

Университет ұжымына жаңа проректорды Басқарма төрағасы – ректор Ержан Әмірбекұлы таныстырды. Өз сөзінде ректор бүгінгі таңда университет алдында ауқымды әрі жауапты міндеттер тұрғанын атап өтіп, Айгүл Баймұрзақызы жоғары кәсіби біліктілігі мен басқарушылық тәжірибесі университеттің одан әрі дамуына және педагог кадрларды даярлау сапасын арттыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Айгүл Жұмабекованың профильдік жоғары білімі бар. Еңбек жолын орта білім беру жүйесінде бастап, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс тәжірибесін жинақтаған. Әр жылдары академиялық қызметпен байланысты құрылымдарда жауапты басқарушылық қызметтер атқарған.

Кездесу барысында ректор Марғұлан университетінде еңбек жолын жалғастырып жатқан Ольга Андрющенкоға университеттің дамуы мен трансформациясына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, оның кәсібилігі мен атқарған жұмысына жоғары баға берді.