Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНДА

04.06.2024

Астанадағы Назарбаев университетінде тоғызқұмалақтан студенттік спорт лигасы аяқталып, жеңімпаздар анықталды.
Жарыс нәтижесі бойынша Марғұлан университетінің командасы үшінші орынға ие болды. Бұл нәтижеге үздік ойын көрсеткен Жамиля Байлдяшева, Аяулым Серікова және Дидар Ишимбай сынды ойыншылардың арқасында қол жеткізді. Жекелей сында Жамиля бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын Аяулымға бұйырды.

Ал шахмат сайысында ФКС-41 тобының студенті Тамерлан Бектұров екінші орын алды.

Айта кетейік, Жамила Байлдяшева тоғызқұмалақтан Азия чемпионы, Еуразия кубогының жеңімпазы. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

-Жарыс өте жоғары деңгейде өтті, қарсыластар АИУ мен ҚазҰПУ студенттері болды, - деді Жамиля. – Тоғызқұмалақпен айналысып жүргеніме он жылдай уақыт болды. Енді қараша айында Түркияда өтетін әлем чемпионатына дайындаламын.