МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ ИСА БАЙЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
02.02.2026
2024 жылы Марғұлан университетінде Өнер және спорт жоғары мектебінің жанынан өңір үшін жаңа «Музыкалық және хореографиялық білім беру» мамандығы ашылды.
Өңірде жүйелі оқу базасының болмауы кәсіби мамандардың тапшылығына әкеп соқтырды. Өкінішке қарай, елордалық жоғары оқу орындарының түлектері әрдайым өңірлерде жұмыс істеуді таңдай бермейді, ал хореографиялық ұжымдар тиісті білімі жоқ артистерді қабылдай алмайды, — деп атап өтті Иса Байзақов атындағы облыстық филармония өкілдері және жаңа білім беру бағдарламасын ашқаны үшін Марғұлан университетіне алғыс білдірді.
Меморандум ережелеріне сәйкес, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы университетке студенттерді практикалық даярлау үшін ресурстар, соның ішінде мамандандырылған хореография залы мен шығармашылық инфрақұрылымның басқа да үй-жайларын ұсынады.
Бұл болашақ педагогтар мен артистерге өз шеберліктерін нағыз кәсіби сахна жағдайында шыңдауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Марғұлан университетінде жаңа «Музыкалық және хореографиялық білім беру» мамандығы бойынша 70-тен астам студент білім алуда. Қол қойылған келісім олар үшін практикалық оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.




