МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
11.04.2024
Еліміздің бірқатар облысында су тасқыны орын алып, көптеген тұрғын баспаналарынан айырылғаны белгілі. Соған байланысты Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Ақмола және Қостанай қалаларындағы судан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек жіберді.
Жастар саясаты департаментінің тәрбие бөлімі маманы Дариға Жұматайдың айтуынша, университет еріктілері мен қызметкерлері тұрғындардың күнделікті тұтынатын заттарын жинақтап, жолға дайындады. Соның ішінде 100-ден аса азық-түлік қораптары, матрас/көрпешелер, жеке гигиенаға арналған заттар және т.б. бар.
Қиын қыстау заманда отандастарымызға көмек қолын созу-бәріміздің міндетіміз. Баспана-дүниелерінен айырылған жандарға көмек ретінде тұрмысқа қажет заттарын бергіңіз келсе университеттің 006 кабинетіне тапсыруларыңызға болады. Біздің күшіміз бірлікте!