МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ҮШІН АЙРЫҚША ДАМУ КЕЗЕҢ БОЛДЫ
29.12.2023
Құрметті достар! 2023 жыл аяқталады, бұл Марғұлан университеті үшін айрықша даму кезең болды деуге болады. Есепті жылдың аса маңызды басымдығы ретінде Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру болып табылады.
Университет ұжымның жүйелі жұмысының арқасында өткен жылда бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Жылдың маңызды оқиғасына университеттің білім беру бағдарламасы агенттіктерінде институционалды аккредиттеу және мамандандырылған аккредиттеу жұмыстарын жатқызуға болады.
Академиялық салада біз ЖОО-ның Академиялық артықшылық орталығы ретінде дамудың негізін қалыптастырдық. Біз облыс мектептерімен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Бүгін бізде 13 тірек мектептер мен 16 кафедра филиалдары бар, ал Железин ауданында қыздарға арналған гимназия ашылды. Үш мектепте педагогикалық сыныптар ашылуы мектеп түлектерінің біздің университетке түсуге мүмкіндік берді. Әріптестерімізбен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеу нәтижесінде біз 18 жаңа инновациялық білім беру бағдарламасын әзірледік, бүгінде педагогтарды істеп жүрген жұмыстарын тоқтатпай-ақ дуальды оқытуды белсенді дамытып келеміз.
Зерттеулер мен оқытуды интеграциялау үшін 6 ғылыми орталық пен зертханадан тұратын педагогикалық технопарк ашылды. Бұл біздің ғалымдарымыздың ең озық және инновациялық әзірлемелерін білім беру процесіне енгізуге және сынауға мүмкіндік береді. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі басымдықтары аймақтық мәселелермен ықпалдасу және облыстағы білім беру жүйесінің қызметіне енгізілген танымал ғылыми нәтижелерді қалыптастыру болып табылады.
Университеттің ғылыми әлеуеті республикалық гранттық қаржыландыру конкурстарына табысты қатысуға, аккредиттелген зертханалар арқылы ғылыми жобалар мен келісімшарттық жобаларды жүзеге асыруға, докторантура және постдокторантура бойынша кадрлар даярлауға, ғылыми журналдар шығаруға мүмкіндік береді.
2023 жылдың мамыр айында директорлар кеңесінің шешімі негізінде «Марғұлан орталығы» Археологиялық зерттеулер институты болып қайта құрылды. Бұл шара институтқа ғылыми зерттеулердің ауқымын кеңейтуге және келісімшарттық жұмыстарды орындау үшін үлкен тапсырыстар алуға мүмкіндік берді.
Университеттің профессорлық-оқытушылық әлеуетінің сапасын сырттай бағалау көрсеткіштерінің бірі – конкурстар мен гранттық бағдарламаларға қатысудың нәтижелілігі болып табылады. Биыл біздің бір ғалым алғаш рет «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» сыйлығын жеңіп алды, үш оқытушы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» байқауында топ жарса, ал төрт қызметкер «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
Биылғы жылы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында үлкен серпіліс болды. Шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасы аясында университетке АҚШ, Польша, Германия, Болгария, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Түркия және т.б. елдерден професорлар дәріс оқыды. Есепті кезеңде Литва, Түркия және Өзбекстан университеттерімен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Биыл Түркия және Грекия университеттерімен Эразмус академиялық алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша екіжақты келісім жасалды. Сонымен қатар, Эразмус+ бағдарламасы аясында «UniHealth» халықаралық жобасы жеңіске жетті.
Студенттермен әлеуметтік-тәрбие жұмысы белсенді дамып келеді. Биыл біз интегралды GPA жобасын пилоттық режимде сәтті іске асырған 4 жоғары оқу орнының бірі болдық. Бұл жүйе студенттердің оқу, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік және спорт салаларындағы жетістіктерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда біздің тәжірибеміз еліміздің барлық жоғары оқу орындарында енгізілуде. Біздің студенттік ұйымдар мен спортшылар түрлі жарыстар мен турнирлерге белсенді қатысады. Биылғы жылы 2 студент Азия ойындарының жүлдегері, 4 студент әлем чемпионы, 9 студент Азия чемпионы және 12 студент Қазақстан чемпионы атанды. Осы және басқа да жетістіктер студенттерді қаржылай қолдаудың арқасында мүмкін болды.
Өтіп бара жатқан жыл біздің кампустың инфрақұрылымы мен материалдық базасын дамытуда да маңызды болды. Белгілі сәулетші Мұрат Мансұровтың жобасы бойынша құйылған академик Әлкей Марғұланның бюсті мен алаңның ашылуы өңір үшін айтулы оқиға болды. Қазіргі уақытта бас корпустың кіреберісін үлкейту мақсатында басталған құрылыс жұмысы аяқталуда. Бұл университет фойесін кеңейту арқылы рекреациялық және ашық алаңды құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, соңғы уақытта барлық спорт залдарды жөндеуден өткізіп, стритбол және шағын футбол алаңдарын салдық. Оқу-зертханалық базаны нығайтуға инвестиция салынды: оған компьютерлер сатып алынып, сынып жиһаздарын жаңарту, мәжіліс залға LED экранын орнату, заманауи бейнестудия ашу және тағы басқа жұмыстар жүргізілді.
Құрметті достар! Бұл біздің ұжымның өткен бір жылда атқарған істерінің бір бөлшегі ғана. Әлі атқарылатын көп жұмыстар баршылық. Алдағы жылы Әлкей Марғұланның 120 жылдық мерейтойына орай кешенді іс-шаралар жоспарлануда. Осы шараларды орындауға барлықтарыңызды бір кісідей ат салысуға шақырамын. Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!