Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ЕЛІМІЗДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ КІРДІ

10.07.2024

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ҮШТІГІНЕ КІРДІ

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде 3-орынды иеленді.

КЕАҚ өткізген институционалдық рейтингке алты санат бойынша 51 ЖОО қатысты: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және өнер орындары. Ал білім беру бағдарламаларының рейтингісіне – 32 жоғары оқу орны кірді. Рейтинг шығару кезінде сарапшылар ең маңызды критерийлерді талдады: түлектер үшін жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен мансаптық перспективалар, орташа жалақы, білім беру бағдарламаларының сапасы мен студенттердің жетістіктері, халықаралық байланыстар.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік рейтингі бойынша Марғұлан университетінің 18 білім беру бағдарламасы жоғары сараптамалық баға алып, отандық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар тізіміне енді.

1 орын 6В01550 – Биология
1 орын 6В01560 – География
               6В01561 - География-Тарих
1 орын 6В01720 – Орыс тілі мен әдебиеті
1 орын 6В01900 – Арнайы педагогика
2 орын 6В01110 – Педагогика және психология
2 орын 6В01310 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
2 орын 6В01210 – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы
2 орын 6В01430 – Музыкалық білім
2 орын 6В01610 – Тарих
3 орын 6В01471 – Көркем еңбек, графика және дизайн
3 орын 6В01510 – Математика
                6В01511 – Математика-Физика
3 орын 6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті
4 орын 6В01420 – Дене шынықтыру және спорт
4 орын 6В01541 – Химия-биология
4 орын 6В01730 – Шет тілі: екі шет тілі
6 орын 6В01522 – Физика-математика