Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ БАШҚҰРТСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУДА

17.12.2025

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің делегациясы Басқарма төрағасы – ректор Ержан Әмірбекұлының жетекшілігімен М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетіне жұмыс сапарымен барды.

Сапардың мақсаты – серіктестік байланыстарды нығайту, бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді растау және білім беру, ғылым мен академиялық ұтқырлық салаларындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау.

Сапар аясында Марғұлан университетінің өкілдері Акмулла колледжінің Педагогикалық құзыреттер орталығының қызметімен танысып, Педагогика институты мен Психология факультетінде болып, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«Біз Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен серіктестік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Бұл сапар университеттің білім беру ортасымен, профессор-оқытушылар құрамымен және заманауи материалдық-техникалық базасымен жақын танысуға мүмкіндік берді», – деді Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы.

М. Акмулла атындағы БМПУ ректоры Салават Сагитов Башқұртстан мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетінде ортақ тұстар көп екенін, көптеген қазақ ғалымдары мен ағартушылары Уфа мен Қазан қалаларында білім алғанын атап өтті.

«Білім беру мен ғылыми жобалар аясында бірлескен жұмысты табысты жүзеге асырамыз деп сенемін», – деді ол.

Тараптар педагогикалық білім беру мен ғылымды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды сәтті іске асыруға сенім білдірді.