MARGULAN UNIVERSITY СТУДЕНТІНІҢ ТАРИХИ КВЕСТ ОЙЫНЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
30.03.2023
Margulan university Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» ИС-32 тобының студенті Аяна Умирова III-Халықаралық «Сыныптан тыс жұмыстарды үздік дамыту» байқауында 1 орынға ие болды.
Байқауды «Мұғалімдер мен зияткерлік балалар халықаралық ғылым академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырып, қашықтық форматта өткізді.
Аяна Умирова Павлодар қаласының №39 жалпы орта білім беру мектебінің базасында педагогикалық тәжірибе барысында бұрын өткізілген «Түркі әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс-шараның әзірлемесін ұсынды. Іс-шара азаматтық-патриоттық және көпмәдениетті бағытта әзірлеген.
Жобаның ғылыми жетекшісі, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Гүлнар Тохметованың айтуынша, әдістемелік әзірлеме көптілді білім беру аясында 7-сынып оқушыларына тарих пәнінен сыныптан тыс іс-шара өткізуге арналған. «Тарихи квест ойыны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Ол бүкіл түркі дәуірін қамтиды. Қызықты ойын түрінде балалар жаңа білім алады, сонымен қатар үйренген материалдарын бекітеді», - дейді Гүлнар Мәсенқызы.
Аяна станциялар арқылы саяхат түрінде өтетін интеллектуалды ойын әзірледі, станциялардан өту тәртібі маршрут парағымен анықталады. Іс-шара интегративті сипатқа ие және квест түрінде өтті. Онда Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, әдебиет, музыка, сәндік-қолданбалы өнер, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша материалдар қамтылған.
Виртуалды экскурсия барысында оқушылар түркілердің мәдени мұрасымен танысып, өз елі туралы жаңа білім алады, шет тіліндегі мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында зерттелген мәдениетті ұсынады.