MARGULAN UNIVERSITY СТАРТАПТАР БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ
20.02.2023
Margulan University барлық деңгейдегі білім алушыларды, қызметкерлер мен ПОҚ стартап және бизнес жобалар конкурсына шақырады.
Біздің мақсатымыз - профессорлық-оқытушылық құрамының, жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми-техникалық әзірлемелерін іске асыруда инновациялық ғылыми қызметін қолдау.
Байқауға барлығы қатыса алады!
Конкурсқа қатысу үшін сізге «Стартап және бизнес жобалар конкурсы» деген белгісі бар ұсыныстарды сипаттайтын өтінімді электрондық адреске жолдау қажет: nauka@pspu.kz. Сонымен қатар өтінішті қағаз немесе электронды форматта 1 корпустың 330 кабинетіне тапсыруға болады.
Жоба жетекшісі конкурсқа өз атынан қатыса алады және бір жобадан артық емес қатысушы ретінде қатыса алады. Команда мүшелері байқау шеңберінде бір командадан артық қатыса алмайды. Команда құрамында өтініш берушіні қоса алғанда 5 адамнан аспауы тиіс.
Іріктеуден өткен қатысушылар өз жобаларын конкурстық комиссия алдында таныстырады және қорғайды.
Байқау ережесімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
Байқауға қатысу үшін 1 миллион теңгеден аспайтын сомаға жылдық жұмыс жоспары бар өтінім дайындау қажет. Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – 15 наурыз. Барлық сұрақтар бойынша 330-кабинетке (1 корпус) хабарласуға болады. Қатысыңыз және жеңіске жетіңіз!