Перейти к содержимому страницы.

"MARGULAN UNIVERSITY" ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ҮЙІРМЕСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

12.04.2023

Марғұлан университетінде 2 жылдан бері педагогикалық идеялар мен жобаларды жүзеге асыратын лаборатория жұмыс жасауда. Бұл жерде қала мен облыс мектептерінің білікті мамандары мен мұғалімдері қызмет етеді. Яғни, нақтырақ айтатын болсақ жас мамандар бір-бірімен тәжірие алмасып, тың бастамаларымен бөліседі. Айта кету керек, жобада Марғұлан университетінің тірек мектептері мен облыс көлеміндегі білім беру мекемелерінде ашылған педагогикалық сыныптар да бар.

Жаңа идеялар зертханасының қатысушылары дәстүрлі түрде жыл ұстаздарымен, мектеп шысшыларымен кездесу ұйымдастырып тұрады. Басты мақсат –бір-бірімен тәжірибе алмасып, біліктілікті арттыру туралы ойларымен бөлісу. Бұл жолғы «ЖАС МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП» атты кезекті келелі кездесуге облыс орталығында орналасқан қос бірдей білім ошағының басшылары шақырылды. Атап айтсақ Бекбаева Айнұр Тлегеновна - Мәшһүр Жүсіп атындағы №19 ЖОББМ директоры мен тарих пәнінің оқытушысы, «Жыл мұғалімі 2019» - Күзембаев Ануар Сансызбайұлы және Мигунова Татьяна Алексеевна - Ахмет Байтұрсынов атындағы №43 ЖОББМ директоры мен жас маман - Жексенбі Сабира Алмасқызы.

Жиын барысында жұмысқа орналастыру, портфолио жинақтау, жас мамандарға қойлатын талаптар, жам мамандарды оқыту туралы тақырыптар талқыланды. Спикерлердің сөзінше қазіргі уақытта жас мамандардың мектепке барып қызмет атқаруы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Тіпті, әр жас маманға бағыт-бағдар беретін «Жас маман мектебі» жобасы жұмыс жасайтындығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, мұндай кездесулерде ғылыми жобалар талқыланады. Айта кету керек, биылғы жылы бірнеше ғылыми жоба Ғылым Комитеті тарапынан қаржылай қолдауға ие болды.

Аталмыш кездесулер аптасына 1 мәрте ұйымдастырылып тұрады. Жобаның жас мамандарға берері мол.