MARGULAN UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ NIS ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕЛІЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
16.02.2026
Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалы оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі өтті.
Олимпиадалық тапсырмаларды әділ әрі кәсіби тұрғыда бағалауды қамтамасыз ету мақсатында қазылар алқасының төрағалары ретінде Margulan University ғалымдары тартылды. Атап айтқанда: Амренов Адильбек Даутбекович, филология ғылымдарының кандидаты, Margulan University қауымдастырылған профессоры (қазақ тілі мен әдебиеті); Суюнова Гүлнар Сейльбековна, филология ғылымдарының докторы, Margulan University профессоры (орыс тілі мен әдебиеті); Абдрахманов Бауржан Нариманович, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (тарих); Сагинтаева Жұлдыз Қайратовна, PhD докторы, Margulan University қауымдастырылған профессоры (қазақ тілі мен әдебиеті); Омаров Нұрлан Рамазанович, филология ғылымдарының кандидаты, Margulan University қауымдастырылған профессоры (орыс тілі мен әдебиеті); Смагулова Асель Бисембаевна, PhD докторы, Margulan University қауымдастырылған профессоры (шетел тілдері: екі шетел тілі).
Қазылар алқасының төрағалары сараптамалық жұмысты жалпы үйлестіріп, пәндік комиссиялардың қызметін басқарды, бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етті және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын қадағалады. Сондай-ақ күрделі әрі пікірталас тудыратын тапсырмаларды талдауға және қорытынды нәтижелерді келісуге ерекше назар аударылды.
Қазылар алқасының мүшелері олимпиадалық жұмыстарға кәсіби сараптама жүргізіп, тапсырмалар мазмұнын жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізді, сондай-ақ қатысушылардың аналитикалық ойлау қабілеті мен тілдік дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтті.
Margulan University ғалымдарының қазылар алқасының жұмысына қатысуы жоғары оқу орындары мен зияткерлік мектептер арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ дарынды оқушылармен жұмыстың желілік форматтарын дамытуға ықпал етті.

