Перейти к содержимому страницы.

MARGULAN UNIVERSITY-ДЕ «ДАНАЛЫҚ ТІЛДЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

02.02.2023

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Даналық тілдері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Германияның Дрезден техникалық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды жиын екі күнге жоспарланған. Бірінші күнгі пленарлық отырысында Ресейден және Германиядан келген тіл ғылымының ғалымдары, университет профессорлары баяндама жасады. Конференцияның ашылу салтанатына Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев қатысып, баяндамашыларға сәттілік тіледі.

- «Даналық Тілдері» атты халықаралық конференцияға қош келдіңіздер! Біз бүгін осы тақырыптағы ой-пікірлеріңізді тыңдайтын боламыз. Негізгі идеясы дәстүрді сақтай отырып, жаңашылдыққа жол ашу. Ал даналық тілі 21-ші ғасыр дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Германияда, Канадада, АҚШ-та да даналықты өлшейтін үлгілер бар, - деді Жанбол Октябрьұлы.

Бүгінгі конференцияға Дрезден техникалық университетінің (Германия) профессоры, филология ғылымдарының докторы Куссе Хольгер және А.С.Пушкин атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы
Карасик Владимир Ильич сынды танымал ғалымдар арнайы келіп, баяндама оқыды. Сондай-ақ, Марғұлан университетінің профессорлары Зифа Темірғазина, Әділбек Әміренов сынды ғалымдар тақырыпқа байланысты өз баяндамаларын жасады. Одан бөлек, Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Бахтикиреева Улданай Максутовна, П.М.Машерова атындағы Витебск университетінің (Беларусь) профессоры Николаенко Сергей Владимирович, Евразия ұлттық университетінің профессоры Жаркынбекова Шолпан Кузаровна онлайн режимде қосылып, сөз сөйледі.