Перейти к содержимому страницы.

MARGULAN CENTRE ҚЫЗМЕТКЕРІ "МАЙДАН ЖОЛЫ" ІЗДЕСТІРУ ЖАСАҒЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

23.06.2022

Павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру-зерттеу жасағының іздеушілері Беларусь Республикасының Витебск облысы Дубровенск ауданында Ұлы Отан соғысында қаза болғант 18 жауынгердің сүйегін тапты.

Экспедиция құрамында Margulan Centre Археологиялық қайта құру ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Қабылдинов Әлібек Жасыбайұлы жұмыс істейді.

Зерттеушілер мұнда қаза тапқан 18 кеңес жауынгерінің мүрдесін тапты. Сонымен қатар олардың аяқкиімі, төсбелгілері мен ыдыстары да бар. Төрт бірдей жауынгер бір жерде снарядтан мерт болған екен.

Ал бір мәйітті алып шыққан жерден Қызыл Жұлдыз мемлекеттік ордені де табылды. Енді оның кімге тиесілі екені анықталуда.

Әлібек Қабылдиновтың айтуынша, жерлеу орындарын қазу кезінде археологиялық жұмыстардың кейбір әдістері қолданылады.

«Бұл кішкентай заттарды табуға, сарбаздардың қандай жағдайда қайтыс болғанын білуге мүмкіндік береді. Бірақ қазба жұмыстарының археологиялық әдістері - көп уақытты қажет ететін өте күрделі жұмыс, оларды қолдану әрдайым мүмкін емес", - деді Әлібек Жасыбайұлы.

Майдан жолы зерттеу жасағы ERG Еуразиялық тобының «Батырлар жолымен» патриоттық жобасының аясында іске асырылуда.

Көптеген қазақстандықтар осы жерді азат етуге қатысып, мерт болғаны белгілі. Павлодарлық жасақтың мақсаты – оларды тауып, есімдерін анықтау және қайта жерлеу.