Перейти к содержимому страницы.

"Margulan centre" орталығы оқушылармен жұмыс жасайды

18.05.2020

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің «Мargulan centre» археологиялық қайта жаңғырту ғылыми орталығы еліміздің орта мектептерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Ғылыми орталықтың «Margulan Study» бағдарламасы аясында қызығушылық танытқан оқушылар Қазақстан мен дүниежүзі тарихын, археологиясын, этнологиясы мен мәдениетінің әртүрлі аспектілерін зерттеп, ғылыми проектілерге қатыса алады. "Павлодар қаласының № 39 гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебінің" оқушысы Милана Кравчук «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығының ХІІІ республикалық «Жас қалам» ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Krupa

Krupa2

Krupa3

"YMAI" Халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Татьяна Николаевна Крупа: «Милана – біздің орталыққа өзі келіп, көп еңбек ететін балалардың бірі. Оның «Ежелгі археологиялық маталарды тазарту және сақтау» ғылыми еңбегі жоғары бағаланды. Жас зерттеушіні марапатымен құттықтаймыз!» - дейді жоба жетекшісі.