Margulan centre «Бабалар ізімен»
20.07.2021
2021 жылғы 19 тамызда Қазақстандағы танымал меценаттардың бірі, саяхатшы және зерттеуші Сапар ЫСҚАҚОВ өзі негізін қалаған және спикері болып табылатын «Бабалар ізімен» жобасымен Margulan Centre-ге келген болатын. Жобаның негізгі идеясы қыпшақтар өздерінің тарихи және мәдени іздерін қалдырған елдерге барып, ортағасырлық көшпенділер мұрасын танымал етуге өз үлесін қосу.
Саяхаттың Павлодардан басталғаны заңдылық, себебі өңірімізде араб географ-ғалымдарының деректері бойынша Дешті-Қыпшақ мемлекетінің орталығы орналасқан. Зерттеуші-саяхатшыны қимақ қалалары мен археологиялық орталықтың эксклюзивті материалдары туралы ақпарат қызықтырды. Margulan Centre директоры, археолог Тимур Смагулов орталық қызметкерлермен бірге инновациялық әдістемелерді қолдана отырып жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді және Павлодар Ертіс бойындағы қимақ-қыпшақ уақытындағы археологиялық ескерткіштерінен алынған олжалар мен тоқымалардың ірі топтамасын көрсетті. Ең алғашқы көрсетілген нысан Республикалық маңызы бар қасиетті нысан болып табылатын Сұлтанбет сұлтан үй-жайы, одан кейін Margulan Centre ғылыми-зерттеу зертханалары болды.
«Бабалар ізімен» жобасының түсірілім тобы орталық қызметкерлерімен жарты күн жұмыс жасап, Қимақ қағанатының тұрмысы мен мәдениеті туралы көптеген ақпарат алды, ортағасырлық жібек маталарды көрді, академик Ә.Х. Марғұланның мемориалдық кабинетіндегі кітапхана қорымен танысып, Павлодар облысының қасиетті нысандарына шолу жасады.
Кездесу соңында Сапар ЫСҚАҚОВ Margulan Centre ұжымына жемісті жұмыс тілеп, одан әрі ынтымақтастықтың жоспарларын айқындады.