Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 150-ДЕН АСТАМ ОҚЫТУШЫСЫ НЕЙРОЖЕЛІЛЕРДІ ЗЕРТТЕДІ

10.07.2024

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде 150-ден астам оқытушы Білім беруде жасанды интеллектті қолдану курсын сәтті аяқтады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің тапсырмасы бойынша білім беруде ЖИ қолдану бойынша ЖОО аралық стандарт қабылданды. Марғұлан университетінің оқытушылары да нейрожелілерді тиімді пайдалануды үйренуде. Курстың ұзақтығы - 72 сағат.
Оқытушылар білім беру мазмұнын құру, күнделікті өмірге арналған нейрондық желілерді, ғылыми қызметке арналған нейрондық желілерді құру және т. б. тақырыптарды зерттеді.
Сабақтарды жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің "Информатика" ББ басшысы Раушан Ельтинова, жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD Дария Абыкенова, педагогикалық зерттеулер орталығының директоры Алмагүл Асайынова жүргізді.

– Жасанды интеллект жүйесі оқытушылардың жұмысын едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ, жобаларды әзірлеуге көмектеседі. Бірінші сабаққа 40-тан астам оқытушы қатысты, - деді Раушан Ельтинова.

Тыңдаушылар да өз кезегінде курстың нәтижелі болғанын және бүгінгі қоғам үшін өзекті екенін атап өтті.

Курсқа қатысушылардың бірі-Академиялық мәселелер департаментінің директоры Әлия Жакиенова. Оның айтуынша, жасанды интеллект беретін ақпараттың дұрыстығына толық сенім артуға болмайды.

Сондықтан алдымен материалды талдауды үйрену керек. Нақты ақпарат алу үшін дұрыс сұрақ қоя білу маңызды. Екінші мәселе, қандай бір жобаны жасанды интеллект көмегімен жасаған болсаңыз, оның осы жүйенің көмегімен жасалғанын көрсету керек.